Демеушілердің арқасында біздің Орталықтың тәрбиеленушілері "Амиго" ат клубына барды. Мұнда әдемі жылқылар, пони, ешкі, ишактар тіпті қояндар бар. Балалар үй жануарларының қалай ұсталатынын және не жейтінін білді, атқа мінді, ал ең кішкентай балалар пони тартқан арбамен жүрді. Барлығы жануарлармен қарым-қатынастан ұмытылмас эмоциялар алды. Таза ауада демалу керемет болды.